«Бекітілді» 

Әулиекөл ауданының білім бөлімі бастығының

2015 ж. № _4

Бұйрығымен


«Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ жұмыс регламенті.

Жалпы қағидалар.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ 2006 жылғы 6 қаңтардағы №14-1937-12 Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және Ғылым Министрлігінің өкілі болып табылады және Әулиекөл ауданы аймағындағы білім саласының басқару қызметтерін, және де бөлімнің ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Ауданының білім бөлімі ауданда білім бағдарламаларын әзірлеп, олардың іске асырылуын және білім жүйесінің дамуын, жергілікті жерлерде Конституцияның, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

АББ қызметкерлері бөлім бастығымен белгіленген міндеттердің тағайындалуына сәйкес қызметтерін атқарады. Бөлім бастығы ұзақ мерзім жоқ болған немесе өзінің міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның өкілеттілігін орынбасары жүзеге асырады.

Аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес анықталған ауданның білім беру және мектепке дейінгі мекемелері АББ- ң ұйымдары болып табылады.

 

1. Жұмысты жоспарлау  

1.1. АББ өзінің жұмысын бір жылға жасалған болжау жоспары және айға жасалған негізгі шаралар жоспары бойынша құрайды.

1.2. Жоспарлар АББ бастығымен бекітіледі.

1.3. Жоспар жобалары төмендегі тәртіп бойынша әзірленеді:

- жоспарлау кезеңі басталуынан 10 күн бұрын, барлық бөлімдер өздерінің ұсыныстарын білім бөлімі бастығының орынбасарына жазба түрінде тапсырады;

- АББ әдіскерлерімен қарастырылып, бөлімдер мен әдістемелік кабинетпен қорытылып, дайындалған жоспар білім бөлімі бастығына бекітуге ұсынылады.

1.4. Жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалауды соларға сәйкес бөлімдер мен бастықтың орынбасары, бас есепші, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі жүзеге асырады.

Білім бөлімінің жұмыс жоспарлары бөлімдерге және аудан Әкімі аппаратына әр айдың 25-жұлдызына дейін таратылады.

 

2. Ауданның білім бөлімі Кеңестерін дайындау және өткізу.

2.1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, АББ басшысымен АББ Кеңесі құрылады. Екі айда бір рет отырыс ұйымдастырылады.

2.2. АББ Кеңесі мүшелерінің құрамы және оның отырыстары өткізілетін уақыт АББ бастығымен анықталады.                              

2.3. Отырыстарды дайындау АББ әдіскерлері мен мамандарымен жүзеге асырылады. АББ Кеңесі отырысының Күн тәртібі жобасы мамандар және әдіскерлермен жасалынады, отырыстан 30 күн бұрын бастықтың орынбасарымен келістіріледі. АББ Кеңесі отырысының Күн тәртібі және материалдары әдіскерлермен АББ Кеңесінің мүшелеріне отырыстан 3 Күн бұрын таратылады. АББ Кеңесі мүшелерінің отырысын өткізу барысында бөлім бастығының тапсыруымен қарастырылып жатқан сұрақтарға отырыс өткізілетін күні жедел түрде материалдар енгізуге болады.

2.4. АББ Кеңесіне сұрақтар енгізетін мамандар мен әдіскерлер, АББ Кеңесі мүшелерінің    отырысына    материалдардың   уақытылы,    сапалы        дайындығын ұйымдастырады және бірігіп   АББ кеңесінің хатшысына отырыстан 2 күн бұрын тапсырады. АББ Кеңесі мүшелерін құлақтандыру АББ кеңесінің хатшысы, мамандар және әдіскерлермен іске асырылады.

2.5. АББ Кеңесі мүшелері отырысынан кейін 3 күндік мерзімде отырыста талқыланған   сұрақтар   бойынша   қаулылары   жобасын   хатшы   АББ   бастығына ұсынады.

2.6. АББ Кеңесі барлық отырыстарында хаттама жүргізіледі. Талқыланатын сұрақтар     бойынша     жазбаларды     хатшы     жүргізеді.     Хаттаманы     рәсімдеу жауаптылығын АББ кеңесінің хатшысы   атқарады. Хаттама 3 күндік мерзімде 1 данада рәсімделіп, АББ бастығымен қол қойылады.

2.7. АББ Кеңесі мүшелері отырысының хаттамаларына бір күнтізбелік жылға тәртіп бойынша нөмір беріледі. Отырыстарда тиісті тапсырмалар берілген мектептерге қол қойылған күні хаттамалар немесе олардың үзінділері таратылады, үш жылдан ерте емес уақытта мамандардың шектелген актілері бойынша АББ Кеңесі мүшелері отырыстарының хаттамалары жойылады.

2.8. АББ басшысы өзінің құзыреті шегінде АББ Кеңесінің шешімдерін қабылдап және оларға қол қояды.

 

3. АББ бастығының бұйрықтарын дайындау, ресімдеу,

көбейту және тарату. 

3.1. Аудан басшысының қолы қойылатын құжаттар түзетіліп, мөріле-ніп және мемлекеттік тілдерде бастырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым    министірлігінің заңдары, нұсқаулары, қаулылары, облыстық білім Департаменті бастығының бұйрықтары негізінде және оларды орындау мақсатында жасалған жобаларда аталмыш құжат-тарға сілтемелер болуы керек. Бұйрықта белгіленген іс-  шаралардың мазмұны айқын баяндалуы, бұйрық таратылатын немесе оның қойылған мерзімінде орындалуына жауаптылық атқаратын мектептер, мекемелер өрісі анықталуы керек.

3.2. АББ бастығына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар белгіленген үлгідегі қағаздарда мемлекеттік және орыс тілінде басылуы керек.

3.3. Таратылу сілтемесімен, бастықпен қол қойылған бұйрық түпнұсқасы тіркеу және тарату үшін жалпы бөлімге беріледі. АББ бастығы қол қойғаннан кейін түпнұсқаға түзетулер енгізуге болмайды.

3.4. Нормативті актілерде белгіленген мерзімде немесе қол қойылған күннен бастап АББ бастығының бұйрықтары күшіне енеді.

3.5. Осы тәртіптің талаптары бұзылып қабылданған бұйрықтар үшін орындаушы жауапты.

3.6. Қателерге байланысты алдында таратылған АББ басшысы бұйрықтарының даналарын аумастыру текқана АББ басшысының рұқсатымен болады, бұл жағдайда алдында таратылған құжаттар кадрлар бөліміне қайтарылуы керек.

3.7. Құттықтау сипатындағы құжаттар сатып алынады, АББ басшысымен келісілген тізім бойынша дайындалады.

 

4. Құжаттардың орындалуын бақылауды және тексеруін ұйымдастыру тәртібі.

4.1. Кіріс құжаттарының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібі:                                                                                                

Жалпы бөлімде (қабылдау бөлмесі) тіркеліп, орындалуы жөнінде АББ бастығы қарастырғаннан кейін орындалуы жөнінде нақты шара қолдануға талап қойылған бастықтың шешімімен құжаттары орындаушыға жіберіледі. Кіріс құжатты іске асыру жөніндегі орындаушы актісінің шығу мерзімі АББ-не түскен күннен бастап 1 айдан аспау керек, егерде құжаттың өзінде немесе АББ бастығының шешімінде басқа ескерту болмаса.

4.2. Шығыс құжаттарының орындалуын бақылауды және тексеруін ұйымдастыру тәртібі. АББ бастығының хатшысы таратылу сілтемесіне рұқсат қойып, бақылауға алынған құжаттың көшірмесін алып, оны орындаушыға жібереді.Егерде тапсырманы орындау мерзімі көрсетілмесе, ол құжатқа қол қойылған күннен бастап бір айдан аспай орындалуы керек, ал «жедел» деген белгі болса - 5-10 күндік мерзімде.

4.3. Жалпы қағидалар

Хатшы әдіскерлер, мамандар және бас есепшінің бақылауында тұрған құжаттардың есебін жүргізеді. Белгіленген мерзімде тапсырманы орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда орындаушы 3 күн бұрын АББ бастығына кешіктіру себебі жөнінде хабарлауы керек. Орындаушы - қызметкер бақылаудағы құжаттың орындалу барысы жөнінде жалпы бөлімдегі (қабылдау ) хатшыға ұсынады. Хатшы бақылаудағы құжаттар бойынша орындалу мерзіміндегі ауытқулар туралы мәліметтер жиынтығын АББ бастығы, орынбасары, кадрлар бөлімінің маманына ұсынып отырады.

Бақылаудан құжаттар жауап берілген құжатқа қол қойылғаннан кейін бақылаудан алынады, сонымен қатар :

- жаңа құжат негізінде өзінің күші жоғалғанда ;

- ондағы белгіленген күш мерзімі аяқталғанда ;

- қойылған сұрақтар толық шешілгеннен кейін және ол туралы құжат шығарған мемлекеттік ұйым немесе лауазымды тұлғаны хабарландырылғаннан кейін.

4.4. Бақылаудағы құжаттардың қойылған мерзімде орындалмауы немесе олар сапасыз орындалса олар тәртіптік шара болып саналады. Бақылаудағы құжаттардың мерзімі бұзылу немесе сапасыз орындалу фактісі бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылға 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген, бұл уақытта қызметтік тергеу жүргізіледі. АББ бақылауында тұрған құжаттардың уақытылы орындалуын жалпы бақылауды кадрлар бөлімінің маманы жүзеге асырады.

 

5. Кадрлармен жұмыс

5.1. «Мемлекттік қызмет туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кадрлармен жұмысты АББ -ң кадрлар бөлімі етеді:

- кадрлар бөлімінде есепке жататын мемлекеттік қызметшілерге жеке іс-қағаздарын әзірлейді, олардың қызмет тізімдеріне қажетті жазбаларды енгізеді;

- мемлекеттік қызметшілер, есепшілер, АББ әдіскерлері, аудан мектептерінің мұғалімдерін тиісті лауазымдарға тағайындау немесе босату жөнінде бұйрықтар дайындайды.

5.2. Қазақстан Республикасы Президентінің 04.02.2000 ж. № 330 жарлығы негізінде бос мемлекеттік лауазым қызметіне орналасуға конкурстар өткізуді, Қазақстан Республикасы Президентінің 21.01.2000 ж. № 327 Жарлығына сәйкес мамандардың біліктілігін анықтауды, мемлекеттік лауазым қызметіне орналасқанда мемлекеттік қызметшілердің сынақтан өтуін қамтамасыз етеді.

5.3. Мемлекеттік қызметшілер, әдіскерлер, есепшілер, аудан мектептерінің мұғалімдеріне олардың құқықтық жағдайы жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес береді, мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердің ретін бұзбауын қадағалайды.

5.4. Мемлекеттік қызметшілер, әдіскерлер, есепшілер және аудан мұғалімдерінің кәсіби дайындық деңгейін талдайды, жергілікті аумақтарда семинарлар ұйымдастыру және қайта дайындау мен біліктілігін жетілдіру институттарына мемлекеттік қызметшілерді оқуға жіберу арқылы әдіскерлермен бірігіп мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау мен біліктілігін жетілдіруді ұйымдастырады.

5.5. Ауданның барлық мектептерінде және АББ- ң бөлімдерінде кадрлар қорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады. АББ -ң барлық қызметкерлерін, аудан мектептері басшылары және жас мамандарының жеке ісқағаздарын әзірлеуді жүргізеді.

 

6. Өтініштермен жұмыс және азаматтарды

жеке кабылдауды ұйымдастыру. 

6.1. АББ-не түсетін азаматтардың үндеулерімен жұмысты дұрыс ұйымдастыру жауапкершілігін АББ басшысының хатшысы атқарады. Азаматтардың мемлекеттік тілде, ұлтаралық қатынас тілінде ұсыныстар, арыздар, шағымдар, лебіздер және сұранымдар жасауға құқылы.

6.2. АББ-не түскен азаматтар хаттарын тіркеуді АББ бастығының хатшысы жүргізеді.

6.3. Азаматтардың өтініштері орындалуы жөніндегі нұсқаулар АББ бастығының шешімдері түрінде беріледі.

6.4. Азаматтардың хаттары түскен күннен бастап 1 айлық мерзімнің ішінде қарастырылады, қосымша танысуды талап етпейтіндері кейінге қалдырылмайды, 15 күннен асырмай.

Сонымен бірге, азаматтардың хаттарын орындау мерзімі АББ басшысы, оның орынбасарының шешімінде белгіленуі мүмкін.

Хаттарды орындау үшін арнайы тексеріс өткізу қажет жағдайларда, хаттардың қарастырылу мерзімі басшымен, оның орынбасарымен ұзартылуы мүмкін, бір айдан аспайтын уақытқа, бұл жөнінде арыз беруші жазба немесе ауызша түрде құлақтындырылады. Егер де хаттың орындалуына нұсқаулы ұйым, газет, журнал редакциясы және басқа ұйымдармен бақылау орнатылса, орындау мерзімін ұзарту тиісті ұйыммен келісіледі.

6.5. Азаматтардың хаттарына жауапты АББ-ң бастығы береді.

6.6. Егер өтініштердегі қойылған сұрақтардың барлығы қарастырылып, қажетті шаралар қолданып және толық жауаптар берілсе, олар шешілді деп есептеледі.

6.7. АББ-не азаматтарды жеке қабылдау кесте бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.01.1999 ж. №58 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқару органдарында азаматтарды қабылдау Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес басшы, оның орынбасары және мамандармен өткізіледі.

6.8.  Егер ауызша жасалған өтініштер қабылдау кезінде лауазымды тұлғамен шешілмесе,  олар  жазба  түрде  баяндалып,  жазба  түрдегі  өтініштермен  жұмыс жүргізіледі.

 

7. Аудандық білім бөлімінде іс жүргізуді ұйымдастыру. 

7.1. АББ-де іс жүргізу осы тәртіпке, кадрлар бөлімі мамандары әзірлеген іс тізімдемесіне,  ұйымдардағы  (мекемелер  түрлерінің  ұйымдары)  кұжаттау  және құжаттаманы басқарудың негізгі ережелеріне сәйкес жүргізеді.

7.2 .АББ -не түсетін қызмет құжаттары хатшымен жалпы бөлімде қабылданады және сол күні қарастыруға басшыға, оның орынбасарына беріледі. Орындалуды талап ететін қызмет құжаттарында, мерзімдер және орындаушылар көрсетілген нақты шешімдер болуы керек.

7.3. Шешімге сәйкес құжаттарды орындаушыға жіберу АББ бастығының хатшысы арқылы іске асырылады.

7.4. Құжаттардың сақталынуы үшін жауапкершілік қойылған шешімге сәйкес орындаушыларға жүктеледі.

7.5. Қызмет құжаттары бақылаудан АББ бастығымен алынады.

7.6. Жоғары мекемелерге жіберілетін қызмет құжаттарына АББ бастығы қол қояды, ол болмаған жағдайда - орынбасары.                              

АББ мамандарына өздері қадағалайтын сұрақтар бойынша өз бетінше құжаттар қарастыруға, мектеп басшыларына тапсырмалар беруге және олардан қажетті ақпарат алуға құқық беріледі.

7.7. АББ хат - хабарын жалпы бөлімде тіркелгеннен кейін жіберіледі. Шығыс хат - хабары түскен күні жіберіледі, телеграммалар және жедел хат- хабары тіркеліп, қабылданып, көп үзамай жіберіледі.

7.8. АББ бастығының хатшысы үнемі құжаттардың белгіленген тәртіппен өтуін қадағалайды, жұмыс жағдайын талдайды, бұл жөнінде кадрлар бөлімінің маманын құлақтандырады.

 

8. Кеңестер мен семинарларды дайындау және өткізу тәртібі. 

8.1. Мектеп басшыларын, басқа ұйымдарды шақырумен кеңес, семинарлар және басқа бұқаралық іс шаралар күнтізбелік бір айға жасалған іс- шаралар жоспарына сәйкес немесе орынбасары   арқылы АББ бастығымен келісіліп өткізіледі.

8.2. Кеңеске мектеп басшыларын шақыру АББ бастығының келісімімен іске асырылады.

8.3. Мектеп басшылары, мамандар және әдіскерлердің аудан көлемінен тыс жерге барулары, АББ бастығымен келісіледі. Аппарат қызметкерлерінің облысқа немесе аудан көлеміндегі іссапарлар орындалығын аудан әкімі, аппарат басшысы анықтайды.

 

9. Ауданның білім бөлімінің жұмыс регламенті. 

АББ жұмыс күні 9.00 басталады және 18.30 дейін жалғасады.

Түскі үзіліс 13.00 ден 14.30 дейін.

АББ кадрлар бөлімінің маманы АББ барлық қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке қоятын табель жүргізеді, ол толтырылып есепшілер бөліміне тапсырылады. АББ жұмыскерлерінің қызметтік міндеттер көлемі АББ алдында қойылған мақсат пен міндеттермен және олармен атқарылатын лауазымдармен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген құқықтары мен міндеттер, бөлімдер туралы қағидалар және лауазымды нұсқаулықтармен анықталады.

 

10. Ауданның білім бөлімі қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі. 

АББ қызметкерлері жалпы этикалық нормалар мен қағидаларды, сонымен қатар қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін, қызметтік және еңбек міндеттерін орындау барысында тәртіптік қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер жөніндегі ережелер туралы» Жарлығына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

11. Ауданныц білім бөлімінің мөрі мен мөртаңбасы туралы. 

Бөлімде дөңгелек елтаңбалы, дөңгелек кадрлар бөлімінің мөрі бар, сонымен қатар құжаттар үшін дөңгелек мөр бар және 2 мөртабан (шығыс және кіріс) бар. «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ мөрі АББ-ң бас есепшісінде, мөртабан АББ қабылдау бөлімінде болады.