8 желтоқсанда Ш.Уәлиханов атындағы  Әулиекөл ОМ базасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

 

Олимпиадаға ауданның 24 мектебінен 120 білім алушы қатысып, қазылардың шешіміне сәйкес 47 жүлдегер атанды. 2018 жылдың қаңтар айында  өтетін олимпиаданың облыстық  кезеңіне осының ішінен тек 8 ғана біздің ауданның намысын қорғамақ.