2019 жылдың 8 қаңтарында Әулиекөл мәдениет үйінде Қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Тыңдаудың мақсаты - өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру.

Тыңдауларда  ата-аналар комитеттерінің төрағалары және мектептердің қамқорлық  кеңестерінің  төрағалары, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері және прокуратура өкілдері қатысты. Барлығы 300 адам қатысты. Білім бөлімінің басшысы Ә.С.Айсин «2018 жылдың 10 айына Әулиекөл ауданының білім беру жүйесінің даму жағдайы туралы» туралы баяндама жасады, сонымен қатар, Н.Т.Құлтаева «Мектепке дейінгі білім беруде жолдама беру және олардың жұмыс істеу кезектілігін қалыптастыру және автоматтандыру процесі туралы» баяндама жасады. Баяндамада білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттары көрсетілді: мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту, сапалы мектепке дейінгі тәрбиеге тең қол жеткізу үшін жағдай жасау, білім беру мазмұнын жаңарту, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, білім беру жүйесін қаржыландыру, қамқоршылық кеңестер арқылы жұртшылықпен әлеуметтік серіктестікті нығайту.

Білім бөлімінің басшысының сөз сөйлеуінен кейін тыңдауларға қатысушылар өздерін толғандырған тақырыптарға байланысты сұрақтар қойды, негізінен білім беру саласын қаржыландыру, мектептерге жөндеу жүргізу, балаларды сапалы тасымалдау, мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі мен рөліне қатысты мәселелер көтерілді. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.