Бұл дегеніміз не?

Кезектен тағы бір жылға қызығушылығын растамаған  өтініш берушілердің барлық ескі өтініштері шығарылып тасталады,яғни  ұзартылмаған өтініштер.

Қызығушылығын растау (және өтініштің мерзімін ұзарту) үшін:

✔Жеке кабинетке кіру;
✔"Менің өтініштерім" бөлімін таңдау;
✔ "Қызығушылықты растау" батырмасын басу.

Әрі қарай жүйенің нұсқаулықтары бойынша әрекет ету керек.

Өтініш бір жылға ұзартылады. Өтінішті екі жасқа толған және одан да үлкен балалардың ата-аналары ғана ұзартуға тиіс (екі жастағы балаларға ағымдағы жылдың соңына дейін толық екі жасқа толатын балалар да жатады).

 Қызығушылықты растау өтініштің қызмет ету мерзіміне ғана қатысты. Кезектегі нөмірге оның ешбір ықпалы жоқ.

Қызығушылықты (өтініштің мерзімін ұзарту) қараша айының соңына дейін растай аласыз. Өтінеміз, өтініштің мерзімін ұзартуға 5 минут көңіл бөліңіздер.

Мерзімі ұзартылмаған өтініштер (өзінің қызығушылығын растамаған ата-аналар) кезектен алынып тасталады және стоп-параққа жіберіледі. Алайда өтініш беруші тиісті команданың көмегімен өзінің өтінішін кез келген уақытта стоп-парақтан шығара алады.

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ