"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес,  Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123  бұйрығымен енгізілген өзгертулерге байланысты, сондай-ақ, Әулиекөл ауданы білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерінің кейбір мүшелерінің кетуіне байланысты «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ келесі мектептердің қамқоршылық кеңестерінің құрамына өзгертулер енгізуі туралы хабарлайды:

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №121 Құсмұрын  орта мектебі» ММ;

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі» ММ;

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Новоселов  орта мектебі» ММ;

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Чернышевский Қазанбасы  орта мектебі» ММ;

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Аққұдық негізгі мектебі» ММ;

            «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш  мектебі» ММ.

Жоғарыда аталған білім мекемелерінің қамқоршылық кеңестерінің құрамына үміткрелерді енгізу бойынша ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.



Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.

Ұсыныстар Әулиекөл селосы, Шақшақ Жәнібек батыр көшесі, 29 (Әулиекөл өнер мектебінің ғимараты, 2 қабат, әдіскер Тамиева Елена Владимирқызы) мекен-жайы бойынша  немесе «auliek_roo@mail.ru»  электрондық  поштасына  қабылданады.

Қамқоршылық кеңестер құрамы бойынша ұсыныстар жасаған тұлғалар өздерінің байланыс мәліметтерін көрсетуі қажет.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің Үлгілік қағидаларына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына төменде көрсетілген тұлғалар кіретіндігін хабарлаймыз:    

      «1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

      3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

      4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

      5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса)».