Балалармен қатыгез қарым-қатынас жасауға жол бермеу және күресу, балалардың құқықтары туралы қоғамның құқықтық ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ балалардың өмірлік қиын жағдайға тап болған жағдайда көмек көрсетудің ықтимал түрлері туралы Әулиекөл ауданының білім беру ұйымдарында келесі іс-шаралар өткізілді:

 

- науқан барысы туралы ақпаратпен «Бала құқығы туралы Конвенция» стендтері ресімделді.

- «Сенім-111» ақпараттық сынып сағаттары өткізілді.

- жалпы мектептік жиындарда оқушылардың назарын балаларға қатыгездік қарым-қатынас мәселесіне аудару және балаларға қатыгездік көрсетуге жол бермеу туралы, көмекке жүгіну мүмкіндігі туралы ақпаратты тарату мәселесі талқыланды.

- «Бала құқығы туралы Конвенция» атты бірыңғай сабақтар өткізілді

- «Бала құқығы туралы Конвенция» атты  жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.

- ата-аналарға барлық маңызды ақпарат берілген сыныптармен  мектеп психологтарының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді, баланы тәрбиелеу мәселелері қарастырылды («отбасындағы жанжалдарды  қалай болдырмау керек?»Өз балаңызға дос болыңыз», «Балалармен қатыгез қарым-қатынасқа жол бермеңіз» және т. б.)

- педагогикалық ұжым жиналысында мектеп психологтары түсіндірме ақпаратымен сөз сөйледі және балалармен қатал қарым-қатынастың құқықтық аспектілерін түсіндірді

- өзін-өзі тану сабақтарында педагогтар қолайлы және сенімді психологиялық атмосфераны құруға тренингтер мен ойындар өткізді.

- сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар «Ерекше назар аударарлық аймақ» отбасыларына барды.