«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ұстаз мәртебесін арттыру,

аудандық мектептеріндегі көптілді оқытудың инновациялық тәжірибесін анықтау, мұғалімдердің үздік жетістіктерін насихаттау мақсатында  ағымдағы жылдың 29.10-29.11 аралығында үштілді білімді өз тәжірибелерінде қолданатын, оны насихаттаушы жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндер (физика, информатика, биология, химия) мұғалімдері арасында «Үздік көптілді педагог» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға қатысу үшін 7 педагог өтінім жіберді:

 

  • Симонов О.А. (Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ),
  • Кидралин Н.К. (И.Сьянов атындағы Әулиекөл ОМ),
  • Скляр А.П. (Чернышевский ОМ),
  • Абдильдин А.С. (Тимофеев ОМ),
  • Ахметшин Ж.А. (Москалев ОМ),
  • Саметов М.К. (Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ),
  • Алимбаева А.М. (С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ).

 

Байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезең сырттай 29.10-11.11.2019 ж. аралығында, екінші кезең іштей 27 қарашада өтті. Қатысушылар барлық кезеңдерге белсене қатысып, бірінші орын: Алимбаева А.М., С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ биология пәні мұғалімі; екінші орын: Ахметшин Ж.А., Москалев ОМ информатика пәні мұғалімі; үшінші орындар: Абдильдин А.С., Тимофеев ОМ информатика пәні мұғалімі; Кидралин Н.К., И.Сьянов атындағы Әулиекөл ОМ физика пәні мұғалімі иеленді. Қалған қатысушылар білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бірінші орын алған С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл МГ биология пәні мұғалімі Алимбаева А.М., облыстық байқауға қатысуға жіберіледі.