Ағымдағы жылдың 27 қарашасында С. Баймағамбетов атындағы  Әулиекөл МГ базасында білім бөлімі жалпы білім беру ұйымдарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын,олардың мониторингін ішкі бақылау, және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы Д.С.Ибраев,  «Қостанай облысы бойынша Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Әулиекөл аудандық филиалының бөлім қызметкері қатысты.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Нұрахметова Камиля Ермекбайқызы сөз сөйледі. Ол сондай-ақ білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жіберілген қателер туралы хабардар етті. Оның пікірінше, бұзушылықтардың басты себебі қызмет көрсетушілердің құқықтық сауаттылығының төмендігі болып табылады.

 

Үшқарасу НМ іс жүргізушісі Киябаева Анар Сансызбайқызы оқушылардың , мұғалімдердің, ата-аналардың ІТ-сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы арқылы электрондық қызметтерді танымал ету шаралары туралы айтып берді. «Электрондық үкімет» порталын, электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтерді алу үшін мобильді қосымшаларды пайдалану дағдыларын үйрету бойынша мектептің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 

«Қостанай облысы бойынша Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Әулиекөл аудандық филиалының бөлім қызметкері Сатубалдина Қарлығаш Қуанышқызы да азаматтардың электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуының маңыздылығын атап өтті. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу кезінде egov.kz  электрондық цифрлық қолтаңбасыз, бір реттік SMS-құпиясөз арқылы 40-тан астам мемлекеттік қызметті алуға болатын мүмкіндіктер туралы, үшінші тұлғаларға анықтама, анықтамалар алу және бот жеделхаттары арқылы қызметтерді пайдалануға болатынын айтты. Ол сондай –ақ  Egov mobile мобильді қосымшасыынң жұмысымен таныстырды.

 

Семинарға қатысушылар С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл  мектеп-гимназиясының әлеуметтік сарапшысы, Янибекова Жанар Кенжебулатовна  өткізген  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сабақ барысында салмақты практикалық көмек алды.  

 

Әулиекөл ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы Дастан Сайранұлы Ибраев өз сөзінде ақпараттық коммуникация құралдарының дамуымен ақпараттық коммуникация құралдарының көмегімен сақталатын және берілетін ақпаратқа зиян келтіру проблемасы туындағанын атап өтті. Осыған байланысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажет, бұл ақпараттың және барлық ұйымдардың оның иелеріне немесе пайдаланушыларына зиян келтіруге әкеп соғатын қасақана немесе кездейсоқ әрекеттерден қорғалуына себепші болады, бұл ретте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең алдымен олардың зардаптарын жоюға емес, тәуекелдерді болдырмауға бағытталуы тиіс.

 

Семинар қатысушылары мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.