Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын анықтайтын, аурулардың алдын алуға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады, жұмыс қабілеттілігі мен үлгерімін,

дене және ақыл-ой дамуын арттырады, өскелең ұрпақты қоршаған ортаға бейімдеуге жағдай жасайды.

 

Әулиекөл ауданында 2019 жылы 31 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 20 білім беру ұйымдарында 4987 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. 2019 жылы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен аз қамтылған отбасылардан 1035 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, «Москалевское» ЖШС қаражаты есебінен 95 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған, бұл Москалев ОМ барлық оқушылары.

 

2019-2020 оқу жылына жалпы білім беру қорынан тамақтануға 32276,3 мың теңге бөлінді, күніне бір балаға тамақтану құны 200 теңгені құрайды.