Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22 қаңтарында Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі базасында «Білім беруді жаңғырту жағдайында ЖМБ және ҚГБ сабақтарында сандық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты-жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру үшін сандық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін пайдалану. Жетекші мектеп мұғалімдері оқушылардың ғылым негіздерін оқуға деген ынтасын арттыру үшін сабақтың әр кезеңінде СББР пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті. География және жаратылыстану, орыс және қазақ тілдері, математика және дүние жүзі тарихы бойынша ашық сабақтарда білім беру сайттарының, қосымшалар мен бағдарламалардың ресурстары тиімді пайдаланылды.

Семинарға Әулиекөл ауданы мектептерінің 27 педагогтары қатысты. Білім бөлімінің өкілдері С. А. Оспанова мен С. М. Бектау аталған іс-шара мазмұнының жоғары деңгейін, оның білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайындағы өзектілігін атап өтті. Семинар соңында семинарға қатысушыларға «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі»  ММ басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді.