Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Осы орайда, 15 ақпан күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Әулиекөл бастауыш мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында өнімділік жұмыс нысандары мен әдістері бойынша нәтижелерге қол жеткізу» атты аудандық семинар өтті. Семинарға ауданның 32 мектебінен 37 мұғалім қатысты.

Семинар мақсаты: білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерінен құралды. Мектеп психологы, мұғалімерге арналған психологиялық тренинг  өткізді.

Мектеп директоры Бибігүл Алдабергенқызы Уайсова семинарға арналған өз баяндамасында өнімділік жұмыс нысандары туралы нақты ақпарат беріп, ал тәжірибеде мектеп мұғалімдері ашық сабақтарында нәтижелерге қол жеткізу әдіс-тәсілдерін қолданды. Сабақтарды жоғары білімді, тәжірибесі мол, білікті мамандар жүргізді. Олар: 1 «Ә» сынып жетекшісі Жаукина Айгүл Кәкімбекқызы, 2 «А» сынып жетекшісі Есекеева Анюта Бекенқызы, 2 «Ә» сынып жетекшісі Құрманова Ғалия Хасенқызы. Бұл ұстаздардың сабақтары өте жоғары деңгейде өтті.  Үш сала бойынша сабақтар көрсетілді (қазақ тілі, математика, жаратылыстану). Сабақтары құрылымы жағынан нақты белгіленіп, берілген стандарттарға сай құрылып, уақыт үнемді қолданылып, сабақ барысында топтық, жұптық, өзіндік жұмыс түрлері көрсетіліп, шығармашылық, дидактикалық тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, ойын элементтерін пайдалану арқылы, оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Сабақтар кезең-кезеңімен өтіп, әр кезең бойынша мұғалімдер кері байланыс жасап отырды. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері пайдаланылды. Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда өз білімін жан-жақты  қолдана алуға бағытталған ортақ тақырыптар бойынша сабақтарда жұмыс жасалды. Оқушылар өздерін еркін ұстап, топтық, жұптық жұмыс жасау ережелерін сақтауға тырысып, бірін-бірі толықтырып, бағалап отырды.

Аудандық семинарға белсенді қатысқаны үшін Әулиекөл бастауыш мектебінің мұғалімдері білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.