Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 сәуірінде   Новоселов ОМ базасында Аудандық «Жас тұлпар» XXVІ оқушы- ақындар айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты:  қазақ халық шығармашылығын дамыту, насихаттау, талантты ақындарды анықтау мақсатында оқушылар арасында Новосело ОМ базасында аудандық айтыс өткізілді. Аудандық  XXVІ оқушы- ақындар айтысы ҚР елордасы- Астана қаласының 20-жылдығына арналды.  

Айтысқа №28 Құсмұрын ОМ екі оқушы, Новоселов ОМ екі оқушы, Көктал ОМ, №2 Аманқарағай ОМ, №1 Қазанбасы ОМ және Соснов НМ   сегіз оқушы - ақындар бақ сынасыты. Ақтық сынға №28 Құсмұрын ОМ 9 сынып оқушысы Ғабдуллин Айдек пен Новоселов ОМ 8 сынып оқушысы Шинболатов Дамир өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

1 орын иегері №28 Құсмұрын ОМ 9 сынып оқушысы Ғабдуллин Айдек;

2 орын иегері Новоселов ОМ 8 сынып оқушысы Шинболатов Дамир;

3 орын иегері №28 Құсмұрын ОМ 6 сынып Баймұханова Гүлден;

«Көрермен көзайымы» аталымының иегері №1 Қазанбасы ОМ 5 сынып оқушысы Әбдібеков Әлішер атанды. Жүлделі орын алған  оқушылар білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Айтысқа қатысқан оқушыларға білім бөлімінің алғыс хаттыры берілді.