Қоғамдық балалар ұйымдарының әлеуметтік мәртебесін және беделін арттыру, ауданның қоғамдық балалар қозғалысын жандандыру, балалардың әлеуметтік бастаамаларын қолдау, адамгершілік, төзімділік, патриоттық негіздерін тәрбиелеу мақсатында, 2018 жылдың 18 мамырында Б.Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебінің базасында «Ұланымыз Ұлы елдің!» ұранымен «Жас Ұлан» аудандық көшбасшыларының слеті өтті. Салтанатты шараға тәлімгерлер мен «Жас Ұлан» РББЖҰ көшбасшылары қатысты. Ұйымдастырушылар: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Достық» балаларды сауықтыру мәдени кешені», «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Кенжетаев ат. Новонежин орта мектебі» ММ.

 

Слет 4 бағыт бойынша өтті: спорттық, қоғамдық, интеллектуалдық, шығармашылық. Балалар шеберлік-сабақтарда, театр көрсетілімінде, флешмобта, пікірталаста өздерінің белсенділіктерін танытты.