2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында  «Мектепке жол» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясы бастау алады.

Акцияның басты мақсаты – нақтылы жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға, көпбалалы отбасыларға, ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, оқу жылының басталуына және әлеуметтік себеп-салдары бойынша балалардың мектепке келмей қалуын ескерту.

Егер де медициналық қарсы көрсетілім болмаса, кез келген бала 6 жасқа толуымен мектепте оқытылуы тиіс. Алайда барлық балалардың мектепке баруға жағдайы жоқ. Білім бөлімі  аудан тұрғындарын, бей – жай қарамайтын адамдарды,  ауыл шаруашылық кәсіпорын басшыларын, жеке меншікті және жеке кәсіпкерлерді, жағдайы нашар отбасындағы балаларға көмек көрсету акциясына атсалысуына қол ұшын беруге  өтініш білдіреді және де бірге қызмет жасауға шақырады. 

Мұқтаж жандарға көмек беру – жақсылық пен қайырымдылықты көрсететін игі іс.

Барлық балаларға мектепке жол табуға көмек көрсетейік!

Акция бойынша толық ақпаратты «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ білуге болады, телефоны  22 – 1 – 29.