2018 жылдың 5 қазанында аудандық Мәдениет үйінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған «Ұстаз-ұлы есім» мерекелік концерті өткізілді. Мерекелік концертке аудан әкімінің міндетін атқарушы Кисиков Асхат Ғалымұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, маслихаттың хатшысы, мемлекеттік мекемелерінің басшылары, шақырылған қонақтар қатысты.

Мерекелік концертке дейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды.

Концерт аудан әкімінің  міндетін атқарушы Кисиков Асхат Ғалымұлының құттықтау сөзімен басталып, педагогикалық қызметкерлерді марапаттау  салтанатымен жалғасты.

ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ тарих пәнінің мұғалімі Абишева Гүлнар Қабдыбекқызы,  ҚР білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ директоры Войлошникова Людмила Ивановна марапатталды.

Әулиекөл ауданы әкімінің грамотасымен Жургумбекова Күляш Мұхаметқалиқызы, Нерин Александр Иосифович, Қасымов Кенжебек Боштайұлы,  Линк Асия Васильевна, Айсенова Еркеш Ахметжанқызы, Костомаха Наталья Павловна, Картавая Любовь Алексеевна,  Фаткуллина Данагүл Сайлаубайқызы,  Жайлибаев Темурхан Бекбергенұлы,  Калкаева Гүлмира Рахымжанқызы,   Баянбаева Алима Жунісқызы,  Ивышева Эльмира  Киякқызы марапатталды.

Концерттік бағдарлама «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысы Айсин Әсет Сұлтанбекұлының құттықтау сөзімен жалғасты. Өз сөзінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор екендігін атап өтті.   

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамотасымен өскелең ұрпақты оқыту мен  тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері және білім беру саласына сіңірген ерен еңбегі үшін   С.Баймағамбетов ат. Әулиекөл МГ бастауыш сынып мұғалімі  Козлова Лариса Ивановна,  «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ әдіскері Хромова Татьяна Владимировна марапатталды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» алғыс хаттарымен Саханова Айгүл Ансағанқызы, Жумасаева Әсел Сағындыққызы, Верещака Галина Ивановна  марапатталды. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ әдіскері Өмірбаева Динара Қоңыршақызына «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ алғыс хаты берілді.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі грамотасымен өскелең ұрпақты оқыту мен  тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері және білім беру саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Шеховцова  Светлана Анатольевна, Ахметжанова Гүлнар Қалиденқызы,  Жакупова Әлия Хасенқызы,  Тимирбеков Хуаныш Каримұлы, Дрантусова Татьяна Ивановна, Байсакалова Асылзада Қуанышбайқызы, Ермағамбетов Балғабай Сейткенұлы,  Қалиясова Зипенан Сагиқызы, Қойшибаева Күміс Аманқызы,  Капишева Сәуле Айтбайқызы,  Кошелова Наталья Семеновна, Аканова Гүлнара Бағытжанқызы, Брахметов  Мырзағазы  Ерханұлы, Серикова Айнагүл Арғынтайқызы, Амиржанова Любовь Жансұлтанқызы, Жанабаева Гүлнар Адайқызы, Есенгалиева Базар Молдашқызы, Айтжанова Әсел Балтабайқызы, Сырлыбаева Гүлнар Байтұрсынқызы, Едресова Ақсүйрек Серікқызы марапатталды.

Марапаттау рәсімі «Жыл мұғалімі» аудандық байқауында үздіктер қатарынан суырылып шыққан жүлделі орын иегерлерін марапаттау шарасымен жалғасты. 3-орын иегерлері №121 Құсмұрын ОМ бастауыш сынып мұғалімі Н.В. Олейниковаға және Әулиекөл бастауыш мектебінің мұғалімі Г.Х. Мизимбаеваға, 2-орын иегері С.Баймағамбетов ат. Әулиекөл МГ бастауыш сынып мұғалімі Н.Д.Демянчукке, 1-орын иегері И.Сьянов ат.Әулиекөл ОМ бастауыш сынып мұғалімі И.В.Сайфутдиноваға дипломдар берілді. Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ математика мұғалімі Л.С.Расчетов байқаудың гран-при иегері атанды.

Марапаттау салтанатында білім беру саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін алғыс хаттар берілді.

Марапаттау рәсімі жылма-жыл дәстүрге айналған «Алтын қазына» кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттауға ұласты. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясының жеңімпазы С.Баймағамбетов ат. Әулиекөл МГ бастауыш сынып мұғалімі Дерий Александра Леонидовна, «Жаратылыстану-математикалық бағытының үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ математика мұғалімі Расчетов Лев Сергеевич, «Үздік тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасары»  номинациясы бойынша  Москалев ОМ директорының орынбасары  Сыздыкова Мадина Сүндетханқызы, «Үздік жас мұғалім» номинация жеңімпазы №2 Қазанбасы ОМ тарих пәнінің мұғалімі Жолтаев Арман Болатұлы марапатталды.

Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік концерт мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілердің өнер көрсетуімен жалғасты.