«Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің» ММ жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында  2019 жылының 12 ақпанында Сұлтан Баймағамбетов  атындағы Әулиекөл МГ базасында аудандық «Жарқын болашақ» «КАТЕV» олимпиадасы өткізілді. 

 

Биыл он біріншірет өткізіліп отырған олимпиаданың аудандық кезеңіне  орта  және негізгі мектептерден 95 оқушы қатысты. Онда білімді де өнерлі ұландарымыз бен аруларымыз 5 бағыт: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты. Осылайша аудандық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп,  жүлделі орындарға ие болды.

 

«Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша (оқыту тілі қазақ тілі):

 

2-орын: Үшқарасу НМ  оқушысы Құрмантай Фариза;

3-орын: Диев ОМ оқушысы Молдабекова Аида ие болды.

 

«Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша (оқыту тілі орыс тілі):

 

1- орын: С.Баймағамбетов атындағы МГ оқушысы Ищанова Рашиля;

3-орын: Сұлукөл ОМ оқушысы Крекова Ангелина иеленді.

 

«Жас ғалымдар» бағыты бойынша (оқыту тілі қазақ тілі):

 

3- орын:№28 Құсмұрын ОМ оқушылары Жазықпаева Амина мен Баймұханова Гүлден (топтық жұмыс) иеленді.

 

 «Жас ғалымдар» номинациясы (оқыту тілі орыс тілі):

 

1- орын:  №121 Құсмұрын ОМ 10 сынып оқушысы -Дубинина Дарья ие болды. 

 

«Жазушылар бағыты бойынша (оқыту тілі қазақ тілі):

 

Бас жүлде: Новоселов ОМ оқушысы Қабдрахмет Ақбота;

1- орын:  Ш. Уәлиханов ОМ оқушысы Алденова Аружан;

2-орын:  И.Сьянов атындағы ОМ Арапшаева Ақбаян;

3-орын: №2 Аманқарағай  ОМ оқушысы Салымбай Мадина ие болды.

 

«Жазушылар бағыты бойынша (оқыту тілі орыс тілі):

 

2-орын: Н.Островский атындағы ОМ оқушысы Верасович Регина ие болды. 

 

 Сөз шеберлері» бағыты бойынша (оқыту тілі қазақ тілі):

 

Бас жүлде: Москалев ОМ оқушысы Жанбырбаева Айсұлу;

1- орын:  Новоселов ОМ оқушысы Райымбеков Ерұлан;

2-орын: Ш.Уәлиханов атындағы ОМ оқушысы Рамазан Ерназар.

3-орын: Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ 8 сынып оқушысы Бельхеева Ділназ;

 

«Сөз шеберлері» бағыты бойынша (оқыту тілі орыс тілі):

 

 

Бас жүлде: Новоселов ОМ оқушысы Тимошенко Захар;

1- орын: Москалев ОМ оқушысы Ольховская Полина;

2-орын: №2 Қазанбасы оқушысы Яцола Эвелина;

3-орын:  №121 Құсмұрын ОМ оқушысы Панова Ирина ие болды.

 

«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (оқыту тілі қазақ тілі):

 

Бас жүлде: Ш.Уәлиханов атындағы ОМ оқушысы Бектимиров Алан;

1- орын:  Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ оқушысы Дінаш Аружан;

2-орын: Диев ОМ оқушысы Оразбаева Ділназ;

3-орын: И.Сьянов атындағы ОМ оқушысы Кабдрашева Жансая;

3- орын: №1 Қазанбасы ОМ Смаилова Ұлпан.

 

«Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша (оқыту тілі орыс тілі):

 

 

Бас жүлде: Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ оқушысы Петерс Алена;

1- орын:  Новонежин ОМ оқушысы Митаева Берлант;

2-орын: С.Баймағамбетов атындағы МГ оқушысы Юрченко Альбина.

 

 Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан  жеңімпаздары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.