Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда балалардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға жәрдемдесу мақсатында  «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  2019 жылдың 10 наурызы мен 20 сәуірі аралығында "Менің бастауым – менің Ауылыма" атты балалар әлеуметтік бастамаларының облыстық байқауын өткізді.

Байқауға ауылдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға, балалардың өзін-өзі дамытуға және қоғамдық-маңызды нәтиже алуға бағытталған (жоба, іс, акция немесе іс-шаралар кешенін) беру кезінде іске асырылған немесе іске асыру процесінде тұрған балалардың әлеуметтік бастамаларының сипаттамасы ұсынылды. Конкурсқа қатысу үшін Әулиекөл білім бөлімі бойынша 8 жұмыс ұсынылды.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен "Маған екінші өмір сыйла" номинациясы бойынша жүлделі 3-орынға №2 Қазанбасы орта мектебінің оқушылары Яцола Эвелина мен Хасмамедова Зарина ие болды.