«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  Әулиекөл жалпы кешкі мектебі» мемлекеттiк мекемесінің директоры.

Конкурс хабарландыру жарияланған сәттен 15 жұмыс күн ішінде Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінде өткізіледі.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  Әулиекөл жалпы кешкі мектебі»  мемлекеттiк мекемесі мына мекен-жай бойынша орналасқан: 110414, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,  Әулиекөл селосы,Қостанай көшесі, 2, ж.т. 8(71453) 26077

Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: Оқушыларға  жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын игеруді қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім,

педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы, басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс және бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыєғ міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
           

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
           

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
           

Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

           

Лауазымдық жалақы мөлшері - 116557-137483 теңге.

Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;

2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажетті құжаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурс өткiзу туралы хабарлама шыққаннан кейiн 15 жұмыс күн аралығында келесi мекенжайға тапсыру қажет: 110400, Әулиекөл селосы, Шақшақ Жәнібек Батыр көшесі, 29 үй, (2 қабат), № 12 кабинет,  сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн. Анықтама телефоны: 21-4-92, эл.адрес auliek_roo@mail.ru

Конкурсқа қатысатын кандидаттар оны Әулиекөл ауданы әкімдігінің бiлiм бөлiмiнде мына мекенжайда өтедi: Әулиекөл селосы, Шақшақ Жәнібек Батыр көшесі, 29 үй.

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ