«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2020 жылдың 24 қаңтарында «Әулиекөл  ауданы  әкімдігінің білім бөлімінің №2 Амақарағай орта мектебі» ММ ...

базасында ЖҒБ (химия, биология, информатика, физика) пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге арналған «Заманауи білім беру жүйесінде көптілділік оқытуды жүзеге асыру»  тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің заманауи білім беру жүйесінде көптілділік оқытуды қолдану және өз тәжірибелерімен бөлісу. Семинарға 10 мектептен 14 мұғалім қатысты. Пән мұғалімдері өз тәжірибелерінде белсенді қолданылатын әдіс – тәсілдерден шебер-сынып көрсеіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Білім бөлімінің әдіскері С.М.Бектау аталған іс-шара мазмұнының жоғары деңгейін, оның пән мұғалімдеріне өте пайдалы болғанын атап өтті. Аудандық деңгейде өткізілген семинар-практикум өте жоғарғы деңгейде өтті.  Семинар соңында семинарға белсене қатысқан педагогтарға «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі»  ММ алғыс хаттары табыс етілді.