«Орта білім беретін үздік ұйым»  грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы № 544 бұйрығына сәйкес (ҚР БҒМ 2016 жылы 22 қаңтардағы №67 бұйрығына енгізілген өзгерістермен) және «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  2020 жылғы 26 наурызындағы № 184 бұйрығының (2020 жылғы 1 сәуірдегі №1469 кіріс құжаты) негізінде республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеу төмендегідей өлшемдер бойынша жүзеге асырылды:

- оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу;

- сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

- білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету;

-материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау ;

-білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау;

-педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау;

- инклюзивтік білім алуға жағдай жасау;

-соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы;

- білім беру сапасын басқару;

- білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері;

- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Байқауды қорытындылай келе, әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жоғарыда аталған критерийлерге сай келген «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің байқауға ұсынған материалдары облыстық кезеңге жіберілді.