Мақсаты: аудан мұғалімдеріне қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету.

Секциялық отырыс аясында өткен оқу жылының, жаратылыстану - математика циклі педагогтарының жұмыстары талқыланып, алдағы оқу жылының ерекшеліктері туралы айтылды. Ал, Н.Островский атындағы Әулиекөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Мажара Елена Геннадьевна «Қашықтықтан оқыту жағдайында BilimLand платформасының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында, И.Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі Саулебаева Айжан Жансултановна «Математика сабағында оқушылардың білім сапасын арттыруда қашықтықтан оқыту технологияларының тиімді жолдарын қолдану» тақырыбында өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс соңында қатысушылар секция жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар беріліп, келесі оқу жылына жаңа мақсаттар қойылды.