«Қашықтықтан оқу, білім  беру үдерісін ұйымдастыру формаларын бірі ретінде»

аудандық оқыту вебинарын өткізу туралы

2020 жылғы 10 тамыздағы Қостанай облысы білім беру педагог қызметкерлерінің тамыз секциясының шешімі негізінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ 2020 жылғы 2-3 қыркүйекте аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдерінің жетекшілік ететін психологтары, директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтары қатарынан өңірлік жаттықтырушыларды даярлау бойынша облыстық веерлік оқыту вебинарын «Қашықтықтан оқыту оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі ретінде, қашықтықтан оқыту форматында диагностика және кеңес беру» тақырыбында өткізді. (бұдан әрі-вебинар)

Вебинардың мақсаты: Интернет-технологиялар арқылы қашықтықтан оқытудың интерактивтілігін, қашықтықтан сауалнама жүргізу және диагностикалау мүмкіндіктерін қарастыратын интернет-технологиялардың нақты құралдарымен және басқа құралдармен таныстыру.

Осыған байланысты 2020 жылғы 8 қыркүйекте сағат 10:00-де ZOOM платформасында Әулиекөл ауданы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін "Қашықтықтан оқыту,оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі ретінде, қашықтықтан оқыту, диагностика және кеңес беру" тақырыбында аудандық оқыту вебинары өтті.

Вебинарға 31 педагог-психолог және 27 әлеуметтік педагог қатысты.