Ағымдағы жылдың 15 наурызында "Елбасы медалі" белгісінің қола төсбелгісін марапаттау рәсімі өтті. Рахим Динара (Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ), Сартай Алина (И.Сьянов атындағы Әулиекөл ЖББМ), Омеляненко Арина (Н. Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ), Сейдазым Ақмарал, Исембаева Сымбат(№2 Аманқарағай ЖББМ)  ауданымыздың оқушыларына табысталды.  "Елбасы медалі" -отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымы үшін жеңімпаздарға 3 деңгейдегі: қола, күміс, алтын талаптарды табысты орындағаны үшін берілетін ерекшелік белгісі.

Бағдарламаға қатысу қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:

1) " Спорт және дене дамуы";

2) " Таланттар мен дағдылар";

3) " Кітап оқу";

4) " Ұлттық мұра".

5) " Волонтерлік";

6) " Туристік жорықтар";

7) " Еңбек практикасы".

"Елбасы медалі" белгісінің негізін салушы- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры болып табылады.