Әулиекөл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымы және бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің балаларына "Мектепке жол" акциясын өткізді.

Мектеп - жазу құралдарының жиынтығы, мектеп формалары, аяқ киім сатып алынды.

Жалпы сомасы 500 000 теңгеге көп балалы отбасылардан, толық емес отбасылардан шыққан балаларды, кәсіподақ мүшелері қызметкерлерін қолдау бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді.

Бастауыш ұйымдарда мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға басты назар аударылды.