2022 жылдың 19 тамызында Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған №1 әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.

Пленарлық бөлім: «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ педагог-психологі  Альпеисова Гаухар Ахановна,  балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, булингтің, кибербуллингтің алдын алу бойынша мұғалімдермен психологиялық тренинг өткізді.

Секция модераторы: «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері  Қарымсакова Г.К. 2021-2022 оқу жылындағы қазақ  тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытылуы туралы және педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Практикалық бөлімде: Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Үшқарасу НОМ мұғалімі Каргулова Ботагөз Сакеновна «Оқушыларды оқу сауаттылығына дайындау үрдісіндегі оқылым дағдыларын жетілдірудің тиімді әдістері»,   Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ тіл мамандары Оразбаева Эльмира Каримжановна, Калиева Кумис Габдрахмановна «Ерекше білімді қажет ететін білім алушыларды оқытудың әдіс-тәсілдері» атты шебер – сынып көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Форма для добавления текста

Защитный код обновить картинку